Page 82 - indexf
P. 82

3-бөлім. Жылжымайтын мүлік объектілерін
                                 бағалау

7-тарау. Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау
                          технологиясы

7.1 Жылжымайтын мүлікті бағалау қағидаттары және бағалау
түрлері

    Бағалау қызметінің негізгі қағидаттары объективтілік, дұрыстық
болып табылады. Объективтілік қағидаты – жан-жақты және толық
тәуелсіз бағалау жүргізу, мүдделер қайшылығын болдырмау болып та-
былады.

    Пайдаланушының көзқарасына негізделген қағидаттарға пайда-
лылық қағидаты, орнын басу қағидаты, күту қағидаты жатады.

    Пайдалылық қағидаты бойынша потенциалды меншік иесіне
белгілі бір экономикалық функцияны жүзеге асыру үшін пайдалы
болған жағдайда ғана жылжымайтын мүлік құнға ие болады. Жылжы-
майтын мүлік объектісінің пайдалылығы, бұл дәл осы орында белгілі
бір уақыт аралығында пайдаланушының қажеттілігін қамтамасыз ету
қабілеттілігі.

    Орнын басу қағидаты бұл бағаланатын жылжымайтын мүлік
объектісінің барынша жоғары құны, осыған ұқсас сатып алуға бола-
тын объектінің барынша төмен құнымен анықталуы. Өйткені сатып
алушы, белгілі бір жылжымайтын мүлік объектісіне, басқалай, бірақ
пайдалылығы және тұтыну қасиеттері дәл осындай объектіге сұрайтын
құннан артық төлемейді. Тұтынушының жылжымайтын мүлік
нарығында таңдау мүмкіндігі болған жағдайда орнын басу қағидаты
қолданылады.

    Күту қағидаты бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің құны,
болашақтағы табыстардың ағымдағы құнын және осы құнның сұраныс
пен ұсыныстың әсеріне байланысты өсім деңгейін есепке алады. Ол
табыстың ұлғаюын күтуге негізделеді.

    Жылжымайтын мүлік объектісімен және оны жақсартуға қатысты
қағидаттарға: жердің қалдық өнімділігі қағидаты, шегіне жет-
кен өнімділік қағидаты, көбейетін және азаятын табыс қағидаты,
экономикалық бөліну қағидаты және т.б.

    Жердің қалдық өнімділігі қағидаты жаңа құрылысты салу
пайдалылық мақсатына сай келетіндігін көрсетеді. Шегіне жеткен

           82

⇐ МАЗМҰНЫ
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87