Page 83 - indexf
P. 83

өнімділік қағидаты меншік иесінің жылжымайтын мүлік объектісіне
қосымша ақша салуы. Соның негізінде, жылжымайтын мүлік
объектісінде пайда болған қосымша элементтер, оған жұмсалған
шығындармен салыстырғанда, осы объектінің жалпы құнын, нарықтық
бағалылығын арттыруға себепші болады. Нарықтық ортаға байла-
нысты сұраныс пен ұсынысқа тәуелді, бәсекелестікке, өзгерістерге
негізделген қағидаттар бөлінеді.

    Нарықтық ортаға тәуелділік қағидаты бойынша жылжымай-
тын мүлік объектісінің құны ықпал жасауға ұшырағыштығымен және
оған жақын жерде орналасқан басқалай объектілердің құнына әсер ету
ерекшелігімен сипатталады. Тәуелділік қағидаты жылжымайтын мүлік
объектісі құнының оның орналасуы, архитектуралық стилі, жайлылық
деңгейі, яғни жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектісінің
нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың ойынан
шығу көрсеткіштеріне тәуелділігін анықтайды.

    Сұраныс пен ұсынысқа тәуелділік қағидаты сұраныстың өсімі
және ұсыныстың төмендеуі жылжымайтын мүлік объектісі құны
қымбаттайды, ал сұраныстың азайып, ұсыныстың артуына сәйкес ар-
зандайды.

    Бағалаудың бәсекелестік қағидатының мәні, бұл нарықтық
сұраныстың жылжымайтын мүлік нарығында бәсекелестік пен пайда
деңгейін қалыптастыруы.

    Жылжымайтын мүлік объектісінің пайдалылығының аталған
жерде өзгерісін сипаттайтын қағидат өзгеру қағидаты деп аталады.
Қалыптасқан экономикалық жағдайлар, өндірістің индустриалдық-
инновациялық дамуы, заман талабына сай технологиялық, әлеуметтік
тенденциялар жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа талаптар қояды.
Демографиялық өсім әртүрлі деңгейдегі тұрғын үйге қажеттілікті
туындатады. Жерді пайдалану сипатының өзгеруі ескі жылжымай-
тын мүлік объектілерінің жойылуына және басқалай жылжымайтын
мүлік объектілерінің пайда болуына ықпал етеді. Осы сияқты фак-
торлар жылжымайтын мүлік объектісінің пайдалылығы мен құнының
өзгерісіне тікелей әсер етеді.

    Жылжымайтын мүлік объектісін неғұрлым жақсы және неғұрлым
тиімді пайдалану қағидаты бұл жоғарыда қарастырылған қағидаттар-
дың жинағы.

    Тиімділік қағидаты жылжымайтын мүлік объектілерін пайда-
ланудың бірнеше баламаларының ішінен неғұрлым тиімдісін та-
уып, оны бағалау негізі ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Мұнда, объектілерді пайдалану варианттарының заң нормаларына

           83

⇐ МАЗМҰНЫ
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88