Page 84 - indexf
P. 84

сәйкестігі, сатуға болатындығы, жылжымайтын мүліктің ең жоғарғы
экономикалық тиімділігі ескеріледі. Сонымен қатар, жер учаскесі
құрылыстан бос болса, ол жерге қандай объектіні салу қажеттігін,
жерді неғұрлым тиімді пайдалану варианты тұрғысынан бағалаушы
анықтайды.

    Бағалау екі түрге бөлінеді. Олар мiндеттi бағалау және баста-
машылық бағалау.

    Мiндеттi бағалау келесі жағдайларда жүзеге асырылады: 
    –– жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын

         жылжымайтын объектiлерiне салық салу үшiн, сондай-ақ
         шаруа немесе фермер қожалықтарының жер учаскелерiнiң
         кадастрлық, бағалау құнын анықтау үшiн;
    –– жекешелендiру, сенiмгерлiк басқаруға не жалға, кейiннен сатып
         алатын жалға беру үшiн;
    –– ипотекалық қарыз беру кезінде, сондай-ақ кепілге қойылған
         мүлікті өткізу қажет болған кезде ипотекалық кредит беру үшiн;
    –– меншiк иесiнен мүлiктi мемлекеттiк қажеттерге сатып алу және
         алып қою үшiн;
    –– борышкер немесе өндiрiп алушы сот орындаушысы жүргiзген
         бағалауға қарсылық бiлдiрген жағдайда борышкер мүлкiнiң
         құнын анықтау үшін;
    –– мемлекеттік меншiкке түскен мүлiк құнын анықтау үшiн және
         өзге де жағдайларда жүргiзiледi.
    Бастамашылық бағалау кез келген бағалау объектiсiне баға-
лаушының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі тура-
лы» Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк
құқықтық актiлерiне сәйкес, бағалау жүргiзу жөнiндегi тапсырыс
берушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде жүргiзiледi.
    Бағалау объектiсiне бағалау жүргiзу қызметі бухгалтерлiк есеп
жүргiзу мен есептiлiктi жүзеге асырудың заңдармен белгiленген
тәртiбiне тәуелсіз, мiндеттi құқық болып табылады. Ол бағалау
объектiсiне қайтадан бағалау жүргiзуге де қолданылады. Бағалау
объектiсiне бағалау жүргiзу қызметінің нәтижелерi жылжымайтын
мүлік нарығының экономикалық көрсеткіштерін қалыптастыру мен
талдау үшін кеңінен пайдаланылады.
    Бағалаудың мақсаты – құнның нақты бір түрінің шамасын белгілеу,
ол бағалау нәтижесін алдын ала пайдаланумен айқындалады және
бағалау туралы есептік тапсырыс берушісімен шартта белгіленеді.
Бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы бағалаудың нәтижесі
болып табылады. Бағалау нәтижесі тараптардың бағалау объектісіне

           84

⇐ МАЗМҰНЫ
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89