Page 85 - indexf
P. 85

қатысты мәміле жасау немесе өзге де іс-әрекеттер жасау үшін
бағаларды айқындау кезінде, оның ішінде салық салу мақсатында сату-
сатып алу мәмілесін, жалға немесе кепілге беру, сақтандыру, несие алу,
жарғылық капиталға енгізу, жарғылық капиталға енгізу мәмілелерін
жасаған кезде пайдаланылады. 

7.2 Жылжымайтын мүлік объектілері құнының түрлері және
оның бағасына әсер ететін факторлар

    Нарықтағы барлық тауарлар сияқты жылжымайтын мүлік
объектілеріне өзінің құны және қалыптасқан бағасы тән.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 жылғы
29 маусымдағы №243 бұйрығымен бекітілген «Құнның қоры мен
түрлері» мемлекеттік бағалау стандарты, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпанындағы №124 қаулысымен бекітілген
«Құнның базалары мен түрлері» бағалау стандарты «Қазақстан
Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республика-
сы Заңының негізінде халықаралық бағалау стандарттарын пайдалана
отырып әзірленген және бағалаудың мақсатын, бағалаудың нәтижесін
пайымды пайдалану, сондай-ақ нарықтық құнды және нарықтықтан
ерекшеленетін өзге де құн түрлерінің ұғымдарын ашады. Бағалау
қызметін жүзеге асырған кезде, осы стандарт қолдануға міндетті бо-
лып табылады.

    Құн қоры – бұл оның негізінде құнның түрлері айқындалатын
белгілі бір тұжырымдама болып табылады.

    Құн сатып алушылар мен сатушылардың тауарларды немесе
қызмет көрсетулерді сатып алу үшін келісуі анағұрлым ықтимал бағаға
қатысты экономикалық ұғым болып табылады. Құн факті емес, таңдап
алынған бағалау қорына сәйкес уақыттың нақты бір сәтіндегі нақты та-
уарлар мен қызмет көрсетулердің бағаларының есептік шамасы болып
табылады. Құнның экономикалық ұғымы нарықтың тауар иесінің не-
месе қызмет көрсетуді пайдаланушының бағалау күні алған пайдасына
көзқарасын білдіреді. Құнды өлшеу тұжырымдамасы бағалауды бол-
жалды пайдалану және тағайындауға қатысты әртүрлі болуы мүмкін.

    Бағалау қоры құндардың барлық түрлерін екі түрге бөледі: құнның
нарықтық қоры және құндардың нарықтық емес қорларының үш сана-
ты, сондай-ақ құнның жекелеген кіші түрлерін қолдану. 

    Құнның нарықтық қоры мүліктің анағұрлым шамалық құнын
айқындау үшін қолданылады, ол бойынша еркін және ашық нарықта

айырбасты жүргізуге болады.

           85

⇐ МАЗМҰНЫ
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90