Page 86 - indexf
P. 86

Құнның нарықтық емес қоры экономикалық жағынан пайдалылық
категориясына немесе мүліктің функцияларына негізделеді. Мұнда
нарыққа қатысушылардың сатып алу қабілеті, нарықтың айрықша не-
месе әдеттегіден бөлек шарттарындағы тиімділігі жанама рөл атқарады.

    Бағалау қорын, яғни құнның түрін таңдау мүлікті бағалаудан өткізу-
ге шарт жасауды талап етеді және мүлікті бағалау мақсаттылығына,
оның ерекшеліктеріне, сондай-ақ нормативтік талаптарға байланысты
болады. Мүлікті бағалау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде,
мүлікке бағалау жүргізу шартында немесе соттың қаулысында
бағалаудың нәтижесі айқындалатын құнның түрі көрсетілмеген
жағдайда, нарықтық құны айқындалады.

    Мемлекеттік бағалау стандарты негізінде бағалау қызметін жүзе-
ге асыру үшін бағалау объектісі құнының мына түрлері пайдаланыла-
ды:

    1.	 Нарық құны және оның кіші түрлері: тарату құны, кәдеге жара-
         ту құны, терминалдық немесе реверсиялық құны.

    2.	 Құнның өзге де түрлері: инвестициялық, әділ, арнайы,
         синергетикалық, салықтық, ипотекалық, кепілдік, сақтандыру,
         кадастрлік, кедендік, мемлекеттік мүлік, жер учаскелерін алып
         қою үшін.

    3.	 Аралық есептеулерде және қаржылық есептілікте қолданылатын
         құндардың түрлері: толық қалпына келтіру құны, алмастыру
         құны, өсімін молайту құны, теңгерімдік құн, бастапқы құн.

    Нарықтық құнның тұжырымдамасы мәмілеге қатысушылар ашық
және бәсеке нарықта еркін әрекет ете отырып, келісілген бағаны
белгілеу болып табылады. Мүлікті сату халықаралық және жергілікті
нарықта жүргізіледі. Нарыққа жеткілікті дәрежеде сатушылар мен са-
тып алушылар қатысады, сондай-ақ нарықтық қатынастардың шектеулі
саны қатысуы да оған тән нәрсе. Мүліктің нарықтық құны оны тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді, оның өнімділігі артады және қаржылық
жағынан мүмкін болатын, заңдылық жағынан рұқсат етілген және
жүзеге асырылатын болып есептеледі. Ұсынылған бағаны белгілеген
кезде осы фактіні нарықтық қатынастардың қатысушылары ескеретін
болады.

    Нарықтық құнға сатып алушы мен сатушының мәмілені жүзеге
асырған кездегі шығындары, сондай-ақ осы мәміленің нәтижесі бо-
йынша төленуі қажетті салық шығындары кірмейді.

    Нарықтық құн бағалаушымен стандартқа сай келесі жағдайларда
айқындалады:

    ●● мүлікті мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойғанда;

           86

⇐ МАЗМҰНЫ
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91