Page 87 - indexf
P. 87

●● акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері бойынша не-
         месе қоғамның директорлар кеңесінің (бақылау кеңесі) шешімі
         бойынша қоғам сатып алатын қоғамның жарияланған акцияла-
         рын айқындау кезінде;

    ●● жарғылық капиталдағы ақшалай емес салымдардың құнын
         айқындау кезінде;

    ●● банкроттық рәсімі барысындағы борышкердің мүлкінің құнын
         айқындау кезінде;

    ●● кепіл объектісінің, оның ішінде ипотека кезіндегі құнын
         айқындау кезінде;

    ●● ақысыз алынған мүлік құнын айқындау кезінде;
    ●● мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде;
    ●● атқару өндірісін жүргізу кезінде;
    ●● талап ету құқығын беру кезінде;
    ●● мүлікті бөлу кезінде;
    ●● сенімді басқару, не жалға беру кезінде және Қазақстан Рес-

         публикасы заңнамаларымен белгіленген өзге де жағдайларда. 
    Құнның нарықтық емес қорлары үш санатқа бөлінеді. Оның бірінші
санаты нақты бір субъектінің мүлікке иелік етуден түсетін пайдасын
көрсетеді. Оған инвестициялық құн немесе құндылық, арнайы құн жа-
тады. 
    Инвестициялық құн немесе құндылық дегеніміз – бұл нақты
бір инвестордың немесе инвесторлар сыныбының орныққан
инвестициялық кезіндегі немесе өндірістік мақсаттағы мүлік құны.
Бұл субъективтік ұғым нақты бір мүлікті нақты инвесторға, инвес-
торлар тобымен немесе белгілі бір инвестициялық мақсаттары және
өлшемдері бар кәсіпорындармен арақатынасын белгілейді. Нарықтық
құннан асып түсетін және активтің кейбір ерекшеліктерін көрсететін,
арнайы сатып алушы үшін құндылыққа ие сома арнайы құн деп атала-
ды.
    Бағалау қорының екінші санаты активтерді ақылға сыйымды
негіздер бойынша ауыстырған кездегі екі немесе бірнеше белгілі бір
тараптардың арасындағы келісілген бағаны көрсетеді.
    Екінші санатқа әділ құн және синергетикалық құн жатады.
Әділ құн, бұл кем дегенде активтерді ауыстыруға болатын немесе
хабарландырылған, бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында операция
жасаған кезде міндеттемені орындауға болатын сома болып табыла-
ды. Бастапқы мүліктік мүдде сомасына қарағанда, оларды біріктіру
нәтижесіндегі алынған жоғары мүліктік мүдде құны және екі немесе

одан да көп мүліктік мүдделерді үйлестіру есебінен нарықтық сомадан

асып түсетін сома синергетикалық құн деп аталады.

           87

⇐ МАЗМҰНЫ
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92