Page 88 - indexf
P. 88

Үшінші санаты құнның түрін және нормативтік құқықтық
актілерге, келісім шарттың ережелеріне сәйкес бағалаудың тәсілдерін
айқындайды. 

    Нарықтық емес қордың үшінші санатын салық құны, сақтандыру
құны, несиелік құн, кепілдік құн, кадастрлық құн, кедендік құн сипат-
тайды. Салық құны, бұл қолданыстағы салық заңнамасының негізінде
есептелетін құн.

    Сақтандыру сомасының болжанып отырған мөлшері сақтандыру
шартының талаптарына жүргізілген талдаудың нәтижелері негізінде,
жалпы жекелеген сақтандыру жағдайлары, бір топ сақтандыру жағдайы
үшін, сондай-ақ мүліктің табиғи жағдайының, оның ағымдағы пайда-
ланылу ерекшеліктерін, мүліктің нарықтық құнын қалыптастыруға
сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып айқындалады.
Келісімшарттың немесе сақтандыру полисінің ережелерінде көзделген
мүлік құны сақтандыру құны деп аталады.

    Қозғалысы экономикалық циклдің кезеңдерімен және алып-са-
тар сипаттағы элементтерге байланысы жоқ арнайы ациклдық құн
ипотекалық құн болып табылады.

    Бағалаушы белгілеген мүліктің ипотекалық құнынан үлес ретінде
банк дербес айқындаған мүлік кепіліне берілетін кредит сомасы кепіл
құны деп сипатталады.

    Салық салу мақсатында кадастрлық құн айқындалады. Кадастрлық
құн – жаппай бағалау амалымен айқындалған, кадастрлық бағалауды
жүргізуді реттейтін заңнамаға сәйкес бекітілген, жылжымайтын
мүлікті мемлекеттік кадастрлық бағалау үдерісінде белгіленген
нарықтық құн. Қолданыстағы кеден заңнамасы негізінде есептелетін,
кеден төлемдерін аудару мақсатында айқындалатын құн кеден құны
деп аталады.

    Бағаланатын мүліктің түріне және оның нақты және болжанатын
жай-күйіне байланысты бағалау сәтінде құнның жекелеген кіші түрі
қолданылады. Оған келесі құн түрлері қолданылады: тарату құны,
кәдеге жарату құны, терминалдық, яғни реверсиялық құн.

    Тарату құны дегеніміз әдетте бизнес жабылғаннан кейін жеке
сату үшін ұсынылатын бизнесте бірлесіп пайдаланылатын актив-
тер тобының нарықтық құнының түрі. Экономикалық жарамдылық
мерзімінің соңындағы, яғни мүлікті пайдалану қауіпті немесе керексіз
болып қалғандағы, яғни жөндеуге кететін шығындары оның бастапқы
құнның 80%-нан асатын нарықтық құны кәдеге жарату құны деп ата-
лады.

    Терминалдық, яғни реверсиялық құн – бағаланатын мүліктің иелік

           88

⇐ МАЗМҰНЫ
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93