Page 89 - indexf
P. 89

ететін есептік кезеңінің соңындағы немесе болашақтағы нарықтық
құны.

    Аралық есептеулерде, сондай-ақ қаржылық есептілікте құнның
мынадай түрлері бағалау объектісін толық қалпына келтіру құны, ал-
мастыру құны, өсімін молайту құны, теңгерімдік құны және бастапқы
құн қолданылады.

    Бағалау объектісінің толық қалпына келтіру құны – құрылыс-
монтаждау жұмыстарына, материалдар мен құрылғыларға, сауда
үстеме бағалар мен көлік тарифтеріне қойылатын ағымдағы бағаларды
есепке ала отырып, кәсіпкердің табысын және қосымша құн салығын
есепке алмағандағы осы бастапқы түріне, ескі жобасы бойынша,
толығымен қалпына келтіруге қажетті қаражаттардың құны.

    Алмастыру құны дегеніміз – бағалау объектісінің тозығын ескере
отырып, бағалау жүргізілген күні қолданылған нарықтық бағалардағы
бағалаудың ұқсас объектісін жасауға жұмсалатын шығындар сомасы.

    Өсімін молайту құны – бағалау жүргізген күні, ұқсас материал-
дар мен технологияларды қолдана отырып, бағалау объектісінің то-
зуын ескере отырып, бағалау объектісіне ұқсас объектіні жасаған
күнінде қолданылғаннарық бағаларындағы шығындар сомасы. Өсімін
молайтудың толық құны осыған ұқсас объектіге бағалау жүргізілген
сәтте қолданылған бағалар бойынша айқындалады.

    Теңгерімдік құн дегеніміз – барлық жинақталған амортизация
мен жинақталған шығыс сомаларын құнсызданудан алып тастағаннан
кейінгі бухгалтерлік теңгерімде актив танылатын сома.

    Бастапқы құн, бұл төленген өтелмейтін салықтар мен алымдарды,
сондай-ақ жеткізуге, монтаждауға, орнатуға, қондыруға, іске қосуға
кететін шығындарды және басқа да активтерді мақсатты пайдалану
үшін тікелей жұмыс жағдайына келтіруге жұмсалатын шығындарды
қоса алғанда, негізгі құралдарды іске қосу, тұрғызу немесе сатып алу
жөнінде нақты жұмсалған шығындардың құны.

7.3 Бағалау стандарттары

    Бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу
мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын
қатынастарды Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
заң реттейдi. Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
№109 заң, 2000 жылдың 30 қарашасында қабылданған. Бұл заң бағалау
қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн де айқындайды. 

                          89

⇐ МАЗМҰНЫ
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94