Page 90 - indexf
P. 90

Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi.

    Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері ол
мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, мемлекеттік мүлікті жеке
тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайдалануына бер-
ген, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған кездегі мүлікті
бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы»
Қазақстан Республикасының заңының 16-тарауында белгіленеді.

    «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға бай-
ланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер
учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау» стандарты
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан
Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңының негізінде,
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер
Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, мемлекеттік және халықаралық
бағалау стандарттарына сәйкес жасалып, Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2011 жылғы 16 маусымындағы №225 бұйрығымен,
2013 жылғы 12 ақпанындағы №124 қаулысымен бекітілген және
Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуға міндетті болып са-
налады.

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты
жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтеу
мөлшері, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару
және меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының
үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемесін мерзімінен бұрын
тоқтатуы нәтижесінде меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер
пайдаланушыға келтірілген залалдың толық көлеміне және мүліктің
құнына қарай Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің
9-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес анықталады.

    Меншік құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті
шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе нақты нұқсанның
зақымдануы, сондай-ақ сол адамның меншік құқығы бұзылмаған
болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ
алынбай қалған табыстары, яғни айрылып қалған пайда, залалдар деп
түсініледі.

    Алынатын жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлік,
яғни ғимарат, құрылыс, сыртқы желілер, көп жылдық екпе-
лер және өзге де жылжымайтын мүліктер нарықтық құн бойын-
ша бағаланады, ол Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

           90

⇐ МАЗМҰНЫ
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95