Page 91 - indexf
P. 91

2007 жылғы 07 желтоқсандағы №329 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау
Әдістемесімен» бекітілген әдістерге сай анықталады. Ол Нормативтік
құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2007 жылғы
14 желтоқсандағы №5041 болып енгізілді. Ақшамен емес, басқа да
мүлікпен өтеу кезінде, оны бағалауды бағалаушы нарықтық құны
бойынша «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді.

      Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланыс-
ты иеліктен шығарылған жер учаскесін немесе өзге де жылжымай-
тын мүлікті алу құны, тәуелсіз бағалаушымен меншік иесінің, неме-
се мемлекеттік емес жер пайдаланушының мемлекет мұқтажы үшін
жер учаскесін алып қоюға байланысты, жер учаскесінің иеліктен
шығарылғаны туралы ескерту алған кезінде анықталады. 

    Меншіктегі жер учаскесін алу құнын бағалау жылжымайтын
мүлікті бағалау стандартының 9-12 тармақтарына сай жүзеге асыры-
лады.

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алуға байланысты меншік
иесі оған тиесілі учаскені иеліктен шығаруға міндетті, сонымен бірге
ол сатуға мәжбүр болады және іске асыру мерзімі шектеулі, алу құны
бағалаудың нарықтық емес базасына жатады. Алу құны нарықтық
құн көлемінен аспауы тиіс. Егер сатып алу кезінен мемлекет мұқтажы
үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы ескерту мерзіміне
дейін бір жылдан астам уақыт өтсе, онда келісімшартта көрсетілген
баға кадастрлық құн бойынша бағаланып, оның базалық ставкала-
ры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 02 қыркүйектегі
№890 «Жер учаскелерi жекеменшiкке берiлген кезде, мемлекет не-
месе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн
төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау
құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы» Қаулысымен
бекітілген.

    Меншік иесіне азаматтық-құқықтық мәміле бойынша немесе сот
шешімі бойынша өткен мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылған
жер учаскесін алу құны өткен кезеңдегі инфляцияны есепке ала оты-
рып, бірақ нарықтық құннан аспайтын азаматтық-құқықтық мәміледе
немесе сот шешімінде көрсетілген құн мөлшерінде анықталады. Егер
азаматтық-құқықтық мәміледе жер учаскесінің бағасы көрсетілмеген
болса, онда жер учаскесінің құны оның кадастрлық бағалау құны бо-
йынша анықталады.

    Жеке тұрғын-үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу

           91

⇐ МАЗМҰНЫ
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96