Page 92 - indexf
P. 92

үшін берілген жерлер, оның құрамына егістік учаскелерін қоспағанда,
мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын болса, осы жер
учаскесін мемлекет мұқтажына алу құны кадастрлық құн бойынша
бағаланады. Қора-жайлары, шектеулері, көгалдандырылған және алқап
ішіндегі инженерлік жүйелері бар тұрғын үйді алу құны ескіруді есеп-
ке алмайды. Оларды мемлекет мұқтажына алу құны, толық қалпына
келтірілген құн сияқты шығыстар әдісімен есептеледі. Жақсартулары
бар жер учаскесін алу құны олардың нарықтық құнынан аспауы
қарастырылады.

    Жер пайдалану құқығын алу құны стандарттың 13-14 тармақтары-
на сай есептелінеді.

    Мемлекеттен сатып алынған жердің пайдалану құқығын алу құны
сату кезінен бастап, оның кадастрлық құнының өзгеруін есепке ала
отырып, мемлекетке төленген сома көлемінде анықталады. Жер пай-
далану құқығының нарықтық құнын есептеу кезінде айырылып қалған
пайда көлемі анықталмайды, осыған байланысты осы пайданың
болашақ ақша ағымдары жер пайдалану құқығының нарықтық құнын
бағалау кезінде есепке алынып қойған.

    Жер пайдалану құқығы сатып алынбаған жер учаскесін иеліктен
шығару кезінде жер жақсартуларын алу құны, үшінші тұлғалар
алдындағы міндеттеменің жойылуына байланысты залалдар көлемі
және айырылып қалған пайда көлемі анықталады.

    Жер учаскесі иесіне келтірілген залалдарды бағалау жүргізіледі.
Аталған стандарттың 15-16 тармақтары жылжымайтын мүлікті алу
кезінде меншік иелері тұрғын үйден шығуына мәжбүр болуына бай-
ланысты, не коммерциялық жылжымайтын мүлік жаңа ұқсас объект
алғанға дейін залалға ие болатындығын көрсетеді.

    Бұл залалдың көлемі жылжымайтын мүлік нарығын талдау
негізінде бағалаушымен есептеледі:

    ●● пәтерлер үшін: алынған аумақты үш ай ішіндегі орташа айлық
         жалдау ставкасына шаққанда;

    ●● жер учаскелері, оның ішінде жақсартуларымен: алынған
         аумақты алты ай ішіндегі орташа айлық жалдау ставкасына
         шаққанда;

    ●● шағын бизнестің коммерциялық жылжымайтын мүлкі үшін:
         ұйым қызметінің соңғы үш жылдағы таза табысының ең көп
         көлемін жоғалту деңгейіне байланысты;

    ●● орташа бизнестің коммерциялық жылжымайтын мүлкі
         үшін: ұйым қызметінің соңғы үш жылында екі жылдық таза
         табысының ең көп көлемін жоғалту мөлшері негізінде;

           92

⇐ МАЗМҰНЫ
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97