Page 93 - indexf
P. 93

●● ірі бизнестің коммерциялық жылжымайтын мүлкі үшін: ұйым
         қызметінің соңғы үш жылында үш жылдық таза табысының ең
         көп көлемін жоғалтумен есептеледі.

    Жер учаскесін алуға байланысты үшінші тұлғалармен келі-
сімшартты мерзімінен бұрын бұзумен келтірілген залалдың көлемі,
келісімшартты талдау негізінде анықталады және алынбай қалған таза
пайда нәтижесіндегі залал мен келісімшартты біржақты бұзуы үшін
айыппұл кіреді.

    Жер учаскесін алу құнын бағалау бойынша есеп «Қазақстан
Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Респуб-
ликасының Заңына және уәкілетті органмен бекітілген Бағалау туралы
есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша
түрде дайындалады.

    «Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талап-
тар» бағалау стандартында берілген, бағалау туралы есепке қойылатын
талаптардан басқа, алу құнын бағалау туралы есепке, төмендегідей
қосымша талаптар қойылады:

    ●● алу құнын бағалаудан басқа есепте жер учаскесін қоса, алы-
         натын жылжымайтын мүліктің нарықтық құнының есебі және
         оның алынған құнымен салыстырмасы болады;

    ●● алынатын мүліктің құнын бағалау үшін пайдаланылған барлық
         есептік көрсеткіштер, соның ішінде орта айлық жалдау став-
         касы, ұйымның таза жылдық табысы және басқа ақпарат
         құжаттармен расталады.

     Бақылау сұрақтары:

     1.	 Нарықтық ортаға байланысты қағидаттарды атаңыз.
     2.	 Бағалау қызметінің негізгі қағидаттарын атаңыз.
     3.	 Қандай бағалау түрлерін білесіз?
     4.	 Бағалау қызметін жүзеге асыру үшін бағалау объектісі құнының

          қандай түрлері пайдаланылады?
     5.	 Мемлекеттік бағалау стандарты негізінде бағалау қызметін жүзеге

          асыру үшін бағалау объектісі құнының қандай түрлері пайдаланы-
          лады?
     6.	 Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау технологиясы дегеніміз
          не?

           93

⇐ МАЗМҰНЫ
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98