Page 94 - indexf
P. 94

8-тарау. Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау әдістері

8.1 Бағалау әдістеріне қойылатын талаптар

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы
№124 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің құнын баға-
лау» бағалау стандарты бойынша, жылжымайтын мүліктің нарықтық
немесе өзге құнын белгілеу кірістік, шығындық және салыстырма-
лы амалдарға топтастырылған бағалау әдістерін қолдану арқылы
жүргізіледі.

    Бағалау әдістеріне айқындалған анық талаптар қойылады.
    Стандарт бойынша бағалау әдістерін таңдау және қолдану кезінде
бағалаушы төменде көрсетілген негізгі талаптарды сақтайды:
    1)	 бағалау нысанасы мен айқындалатын құн түрін сәйкестендіреді;
    2)	 жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізу кезінде пайдаланыла-

         тын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді;
    3)	 құқықтық талдау жүргізеді, мүліктік құқықтар мен ауырт-

         палықтарды сәйкестендіреді;
    4)	 бағалау әдістерін таңдауды негіздейді;
    5)	 бағалау туралы есепте шынайы деректерді, есептік көр-

         сеткіштерді және олардың екіұшты түсіндірілуіне жол
         бермейтін негізделген нәтижелерді толық әрі түсінікті жазуды
         қамтамасыз етеді.
    Бағалауды жүргізу тәртібі бағалауды айқындау және деректерді
алдын ала талдау, іріктеу, жинаудан қалыптасады.
    Бағалау тапсырмасын айқындау:
    1) бағаланатын мүлікті сәйкестендіру, сол жерге барып тексеру;
    2) мүліктік құқықтарды сәйкестендіру;
    3) бағалау нысанасын, пайдалану саласын нақтылау;
    4) бағалау базасы мен құн түрін қалыптастыру;
    5) бағалау күндерін келісу;
    6) өзге де шектейтін жағдайларды айқындау;
    7) бағалау туралы шарт жасаудан қалыптасады
    Деректерді алдын ала талдау, іріктеу және жинау:
    1) құжаттарды, жылжымайтын мүлік объектісі туралы өзге де
мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау;
    2) өңірдегі, қаладағы және бағалау объектісі жеріндегі әлеуметтік-
экономикалық және экологиялық ахуалды жалпы талдау;
    3) ұқсас мүлікке сұраныс пен ұсынысты талдау;

           94

⇐ МАЗМҰНЫ
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99