Page 169 - index
P. 169

егіздермен (ӘЕ); 2) бір жұмыртқалы егіздердегі жұптарды өзара
салыстырады. Әртүрлі жұмыртқалы егіздер гендердің бақылауында
болғанымен, олардың туу жиілігіне әсер ететін факторлар қазір
толық анықтала қойған жоқ. Әртүрлі жұмыртқалы егіздердің өмірге
келу ықтималдығы ананың жасының ұлғаюына және балаларының
туу қатарына да байланысты артып отырады деген мағлұматтар
бар. Осымен қатар, көптеген индустриалды елдерде егіздердің туу
жиілігінің төмен екенін көрсетеді.

    Барлық егіздерді зерттеулердің негізі – егіздердің шығу табиға-
тын (бір жұмыртқалы немесе әртүрлі жұмыртқалы) білу. Оны анық-
таудың бірнеше әдістері бар.

    1. Егіздердегі жұпты сыртқы белгілеріне, пішініне (қас, мұрын,
ерін, құлақ қалқаны, шаш пен көздің түсіне және т.б.) байланысты
салыстырмалы түрде зерттеу.

    2. Иммуногенетикалық. Бұл әдіс күрделі, қан топтарының, қан құ-
рамының протеиніне, лейкоциттердің антигендеріне анализ жасау,
фенилтиокарбамидке сезімталдығы және басқа белгілері есепке
алынады. Егер егіздер осы қасиеттері бойынша айырмашылығы бол-
маса, онда оларды бір жұмыртқалы егіздерге жатқызады.

    3. Терінің үйлесімдігі. Әртүрлі жұмыртқалы егіздердің жұптары-
ның терісінің кішкентай мөлшерін бір-біріне көшіргенде үйлесім-
ділік болмайды, ал бір жұмыртқалы егіздер жағдайында үйлесім-
ділік жоғары болады.

    4. Алақанның, саусақтардың және өкше терісінің өрнектері арқы-
лы анықтау. Адамда бұл белгілер өмірінің аяғына дейін өзгермейді
және өзіне ғана тән. Сондықтан бұл әдіс сот медициналық сарапта-
масында және криминалистикада әкелік, шешелікті және жеке басын
анықтауда қолданады. Бұл белгілердің ұқсастығы бір жұмыртқалы
егіздерде, екі жұмыртқалы егіздермен салыстырғанда әрдайым жо-
ғары болады.

    Фенотипі жағынан ұқсас егіздер жұбын конкордантты (латын-
ша: concordare – ұқсас) деп атайды. Егер егіздер жұбы бір-бірінен
белгілері бойынша айырмашылығы болса, онда оларды дискор-
дантты дейді. Егіздер жұбында конкордантты белгілерді зерттеу
нәтижесінде, мысалы, қан тобының тұқым қуалауы генотип анық-
тайтынын, ал шизофрения, эпилепсия, диабет, гипертоникалық ауру-
ларда тұқымқуалаушылықтың басты маңызы болғанымен, қоршаған
ортаның да әсері бар екені анықталды. Мысал ретінде, қант диабетін

           169

⇐ МАЗМҰНЫ
   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174