Page 167 - index
P. 167

ІV. Голандриялық тұқым қуалау типі кезінде зерттелетін белгі-
лер әкесінен тек ұлына ғана беріліп отырады. Себебі Ү-хромосомада
аздаған гендер бар. Ол гендер қыздарына берілмейді. Голандриялық
тұқым қуалау типімен гипертрихоз (құлақ сырғасында топ жүннің
болуы), аяқ саусақтарының арасында тері жарғақтардың болуы,
ұрықтың дамуы, дененің, аяқтардың, тістердің тез өсуі сияқты бел-
гілердің тұқым қуалауын мысалға келтіруге болады (32-сурет).

32-сурет. Белгілердің әкесінен ұлдарына берілуі

    Егіздік әдіс
    Егіздер деп бір мезгілде 2-ден көп туылған балаларды айтады.
Егіздерді пайда болуына қарай екі топқа бөледі. Бір жұмыртқалы
егіздер (БЕ) және әртүрлі жұмыртқалы егіздер (ӘЕ). Бір жұмыртқа-
лы егіздер бір сперматозоид ұрықтандырған жұмыртқа клеткасының
(бластула кезеңінде) теңдей екі бөлікке бөлінуінен дамиды.
    Әртүрлі жұмыртқалы егіздер бір уақытта пісіп-жетілген екі жұ-
мыртқа клеткасының екі сперматозоид ұрықтануынан пайда болады.
Сондықтан бір жұмыртқалы егіздердің генотипі біркелкі, барлық
белгілері ұқсас, міндетті түрде бір жынысты (не ұл, не қыз) болады.
Әртүрлі жұмыртқалы егіздердің генотипі әртүрлі,бір жынысты не-
месе екі түрлі жынысты болуы мүмкін. Адамда егіз туудың жиілігі
орташа есеппен алғанда бір пайыз шамасында, олардың үштен бірі
бір жұмыртқалы егіздер. Әртүрлі жұмыртқалы егіздер бір қатар
белгілері бойынша бір-біріне ұқсас болмайды. Мысалы, қан топ-
тарының тұқым қуалауы, бетте секпілдің болуы.
    Оларда бірдей, ұқсас гендер 50 пайыз болғандықтан, ұқсастығы
аға мен қарындас деңгейінде болады. Әртүрлі популяцияларда бір

           167

⇐ МАЗМҰНЫ
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172