Page 168 - index
P. 168

жұмыртқалы егіздердің саны бірдей де, ал әртүрлі егіздердің туу
жиілігі өзгеше. Мысалы, АҚШ-та әртүрлі егіздердің туылу жиілігі
ақ нәсілдермен салыстырғанда негрлерде жоғары. Еуропада әртүрлі
жұмыртқалы егіздердің пайда болу жиілігі 1000 нәрестеге 8-ден
келеді.

    Монголоидты популяцияда егіздердің туылу жиілігі төмен, әсі-
ресе жапондарда. Осымен қатар, туа пайда болатын аурулар жалғыз
туғандармен салыстырғанда егіздерде жоғары болады.

    Алғаш рет егіздік әдісті адам генетикасында қолданған ағыл-
шын антропологы Ф. Гальтон болды. Қазір бұл әдісті көптеген гене-
тикалық зерттеулерде кеңінен қолданады. Егіздік әдіс бойынша
адамның тұқым қуалаушылық қасиеті мен сыртқы орта жағдайын
белгілердің дамуындағы ерекшеліктерді зерттеу үшін пайдаланады.
Осы әдістің көмегімен жеке адамның дамуында болатын қасиет-
тер, оның тұқымқуалаушылық, қоршаған орта және әлеуметтік фак-
торлардың әсерінен қалыптасатынын көрсетті. Осымен қатар, бұл
әдіс арқылы жеке адамның дамуында тұқымқуалаушылық және
орта факторларының (ауа райы, тамақтану, оқыту, тәрбиелеу) қоса-
тын жеке үлестерін анықтайды.

    Бір жұмыртқалы егіздер арасында пайда болған айырмашы-
лықтар генотиптің әртүрлілігінен емес, ортаның физикалық және
химиялық факторларымен қатар, әлеуметтік жағдайлардың да әсері
болады. Осыған байланысты егіздер арасында өте сирек кездесетін
“сиам егіздері” деген атпен кемтар егіздер туады, 65-85 мың жаңа ту-
ған нәрестеге біреуі кездеседі. Мұндай егіздер елімізде Қызылорда
облысының Шиелі аймағында 1998-2000 жылдары үш анадан
туылғаны белгілі. Мысал ретінде, көпшілікке әйгілі 1811 жылы
Сиам ауылында (Тайланд) туылған Чанг және Энг “сиам егіздерін”
келтіруге болады. Олар 18 жасында АҚШ-қа көшіп келіп, Каролина
штатында қоныстанып, темекі өсірумен айналысып, апалы-сіңлілі
қыздарға үйленеді. Энгтің 12 баласы, Чангтің 10 баласы болады.
Чанг 63 жасында бронхиттен қайтыс болғанда, осы уақытқа дейін
ауырмаған Энг те 2 сағаттан соң қайтыс болады. Энг пен Чанг денесі
көкірек қуысынан кіндігіне дейінгі ені 10 см ұлпалар бірігіп өскен,
осылар арқылы екеуінің бауыры бір-бірімен жалғасып тұрған.

    Бір жұмыртқалы егіздер әдісін қолданған уақытта, егіздер ара-
сында салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Мысалы: 1) монозиготалы
бір жұмыртқалы егіздерді (БЕ), дизиготалы әртүрлі жұмыртқалы

           168

⇐ МАЗМҰНЫ
   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173