Page 171 - index
P. 171

етеді. Онда тұқымқуалаушылық коэффициент 100 пайыздан кем
және 0 пайыздан артық болады. Ал енді адамның морфологиялық
фенотиптік белгілеріне (дененің құрылысына және бет пішініне)
келсек, бір жұмыртқалы егіздерде конкорданттылық екі жұмырт-
қалы егіздермен салыстырғанда өте жоғары 100 пайызға жақын бо-
лады. Бір жұмыртқалы егіздерде мына белгілердің қастың, мұрын-
ның, еріннің, құлақтың пішіндері және шаштың, көздің, терінің
түстерінің ұқсастығы 97-100 пайыз болса, екі жұмыртқалы егіз-
дер ұқсастық 70-20 пайызға дейін жетеді. Бұл белгілер орта
факторларының әсерінен өзгере қоймайтынын көрсетеді. Адам
генетикасында маңызды мәселенің бірі – адам өмірінің ұзақтығы,
ол тұқым қуалай ма, жоқ әлде ортаның және әлеуметтік жағдайдың
факторларына байланысты ма. Осы мәселені анықтау үшін егіздік
әдісті қолданады. Бір жұмыртқалы және екі жұмыртқалы топтағы
егіздердің жұптарын өмір сүру ұзақтығы бойынша салыстырғанда,
көп жасаушылыққа ортаның әсері болғанымен негізгі рөлді тұ-
қымқуалаушылық атқаратынын көрсетеді. Осымен қатар, баланың
дарындылық қасиетінің дамуына тұқым қуалаушылық және орта
факторларының әсерін көрейік. Жан-жақты дарынды болу өте сирек
кездесетін құбылыс. Талантты музыканттың математикадан хабары
болмауы мүмкін, ал ұлы математик көркем суретті түсінбеуі мүмкін.
Егіздегі жұптардың дарындылық қабілеттілігін зерттегенде, бір
жұмыртқалы егіздердегі жұптар бір кәсіпке бейім екенін, әртүрлі
егіздер түрлі нәрсеге қабілетті екенін көрсетеді. Сонымен қазіргі
уақытта адам генетикасында егіздік әдіс, генетикалық анализдің
басқа да әдістерімен қатар қолданады.

    Популяциялық әдіс
    Популяция дегеніміз – бір түрге жататын, бір ареалда тіршілік
ететін шыққан тегі бір, еркін будандаса алатын, өсімтал ұрпақ тас-
тайтын даралардың жиынтығы. Популяциялық әдістің көмегімен
белгілі гендердің (тұқым қуалайтын аурулардың) белгілі бір аймақта
таралу заңдылықтарын зерттейді. Медициналық генетикада популя-
циялық әдісті тұқым қуалайтын аурулардың әртүрлі аймақта мекен-
дейтін популяцияларда таралу заңдылықтарын, ауру таситын және
қалыпты гендердің жиілігін анықтауға, болашақ ұрпақтарда олар-
дың берілу ықтималдығына болжам жасауға қолданады. Бұл әдісті
қолдану кезінде зерттеу жүргізетін популяцияны таңдай білу,

           171

⇐ МАЗМҰНЫ
   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176